Ресейдің ауыл шаруашылық министрлігі Қазақстан мен Беларусь қантының импортын шектеуді ұсынды. Министрлік мұндай ұсынысты отандық өндіріске қолдау білдіру үшін жасап отыр, деп хабарлайды Риа Новости.
Федерацияның ауыл шарушылық министрі Александр Ткачевтің сөзінше, аталған екі ел қантты баж салығынсыз импорттап отыр және бұл Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасындағы нарық жағдайын қиындатады әрі ресейлік өндірушілер үшін тиімсіз.
"Қант шикізатын баж салығынсыз тасымалдау аталған елдердің де, Ресейдің де қайта өңдеу жұмыстарын арзан етеді. Ал бұл отандық өндірушілерді шығынға батырады, сондықтан қант импортын шектеу керек", - дейді министрлік.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Ресейдің пайдасы үшін Бразилиядан қант импорттауды шектеген болатын. Нәтижесінде Ресей Қазақстанға осы жылдың алғашқы бес айында 65,5 мың тонна қант жеткізген. Өткен жылғы көрсеткіш – 0,6 мың тонна. Ал Бразилия өткен жылы 123,7 мың тонна қант импорттаса, биыл бар болғаны 50,8 мың тонна қант (24,7 млн доллар) жеткізген. Осылайша бұл елден келетін қант көлемі 58,9%-ға қысқарған.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды