Осы жылдың қаңтар-мамыр айында Қазақстанға 134,2 мың тонна қант (71,8 млн долларға) импортталған. Бұл көрсеткіш 2016 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 20,6 пайызға төмен.

2017 жылы қантты жеткізу құрылымы айтарлықтай өзгерген. Мысалы Ресей Қазақстанға осы жылдың алғашқы бес айында 65,5 мың тонна қант жеткізген. Өткен жылғы көрсеткіш – 0,6 мың тонна.

Ал Бразилия өткен жылы 123,7 мың тонна қант импорттаса, биыл бар болғаны 50,8 мың тонна қант (24,7 млн доллар) жеткізген. Осылайша бұл елден келетін қант көлемі 58,9%-ға қысқарған.

Сондай-ақ, қант импортының ең көп мөлшері Беларусьқа тиесілі. 5 айда бұл елден Қазақстанға 8,3 млн доларға 17,6 мың тонна қант импортталған. Ал өткен жылы 190,3 мың долларға 0,4 мың тонна қант жеткізіліпті.

Айта кетейік, ҚР Ұлттық экономика министрлігі мен Ауыл шаруашылығы министрлігі қант бағасына қатысты түсініктеме беріп, "қант бағасы өседі деудің қажеті жоқ" деп мәлімдеген. Алайда күзгі маусым басталғанда жылда бағаның бірден өсіп кететіні белгілі.

“The Qazaq Times”