Стамбул қаласының Ататүрк әуежайында қазақстандық «Scat Airlines» және түркиялық «Turkish Airlines» компанияларының ұшақтары соқтығысып қалды.

Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, «Scat Airlines» компаниясының ұшағы Стамбул-Ақтау бағытында, ал «Turkish Airlines» ұшағы Стамбулдан Тайбэиге ұшуы керек болған. Екі ұшақ Ататүрік әуежайының ұшу алаңына бет алған сәтті соқтығысып қалған. Салдарынан «Turkish Airlines» ұшағының артқы бөлігі зақымдалып, Тайбэйге баруы тиіс 286 адам басқа рейспен ұшуға мәжбүр болған.

Естеріңізге салайық, бүгін Алматы облысына қарасты Панфилов ауданында ЯК-12 ұшағы апатқа ұшырап, екі адам көз жұмған еді.

“The Qazaq Times”