ОПЕК елдері Экваторлық Гвинея елінің картель құрамына кіру туралы өтінішін мақұлдады. Бұл елде экспортталатын мұнай жалпы экспорттық кірістің 90%-ын қамтамасыз етеді. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлап отыр.
Экваторлық Гвинеяны ОПЕК құрамына кіргізуге дайындық жұмыстарының жүріп жатқаны туралы картельдің Венада өтіп жатқан жиналысында Сауд Арабиясының мұнай министрі Халид аль-Фалих мәлімдеген.
Экваторлық Гвинея ұйымға мүше болу туралды өтінішті 2017 жылдың қаңтар айында берген. Елдің энергетика министрі Габриэль Мбага Обианг мұндай шешімді Гвинея мен ОПЕК елдерінің ұстанымдары сәйкес болғандықтан қабылданғанын айтқан.
Экваторлық Гвинея Тропикалық Африка елдері арасында мұнай өндірісі бойынша үшінші орында. 2015 жылы шикізат өндірісінің жалпы көлемі 1,1 млрд баррель болған. Ал бір тәулікте өндірілетін мұнай көлемі орташа есеппен - 289 мың баррель.
2016 жылдың соңында Экваторлық Гвинея ОПЕК-тің қара алтын өндірісін қысқарту туралы алғашқы келісімін мақұлдап, өндірісті тәулігіне 12 мың баррельге дейін қысқартуға міндеттелген.
Қазіргі таңда ОПЕК құрамында 13 ел бар: Алжир, Ангола, Венесуэла, Габон, Ирак, Иран, Кувейт, Ливия, Нигерия, Катар, Біріккен Араб Әмірлігі, Сауд Арабиясы, Аравия және Эквадор. Ал 2016 жылдың қарашасында Индонезия картель құрамынан шықты.