Ресейдің барлық мұнай компаниялары мұнай көлемін қысқарту келісімінінің мерзімін тоғыз айға дейін ұзарту туралы ұсынысты қолдап отыр. Бұл туралы Ресейдің энергетика министрі Александр Новак мәлімдеді.
"Компаниялармен кездестік және бәрі келісімді қолдады", - дейді Новак.
Риа Новости агенттігнің мәліметінше, 15 мамыр күні Сауд Арабиясы мен Ресейдің энергетика министрлерінің дайындаған мәлімдемесінде 25 мамыр күні Венада болатын кездесу кезінде мұнай өндірісін қысқарту келісімінің мерзімін 2018 жылдың 1 сәуіріне дейін ұзарту туралы ұсыныс айтылған. Келісім уақытын ұзарту мәселесі алдын ала 24 мамыр күні министрлер кездесуінде, одан кейін 25 мамыр күні ОПЕК пен оған мүше емес елдер арасында талқыланады.
Қазақстан не дейді? Қазақстанның Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Қазақстан мұнай көлемін қысқартуға қатысты ОПЕК-пен болған келісім мерзімін одан әрі ұзартуға дайын еместігін мәлімдеген. Министрдің сөзінше, Қазақстан қара алтын көлемін қысқарту туралы келісім аясында болады. Алайда шикізат өндірісін енді дамытып жатқан Қашаған сияқты кен орнының да мүмкіндіктері ескерілу қажет.