Америкалық сыртқы саяси мекемесі сотталғандарды өлтіріп, өртеген ғимараттың суретін жариялады. Осыған дейін Саиднийядағы жаппай азаптау мен адам өлтіру жайында Amnesty International халықаралық құқық қорғау ұйымы мәлімдеген. Құқық қорғаушылардың мәліметіне қарағанда, 2011-2015 жылдары түрмеде 13 мың адамды өлтірген. Бір күнде 40–50 адамды өлім жазасына кескен. Бұл туралы centralasian.org жазды. 

Amnesty International өлім жазасын тек ғана әскери-құрлық соты ғана шығара алады дейді. Тұтқындар азаптау кезінде қылмыстарды мойындаған. Баяндамада құқық қорғаушылар түрмеден аман шыққан ондаған адамның сөздерін келтіреді.

Баяндама авторының бірі Дайен Сенаанның сөздерінше, аптасына бір рет тұтқындарды камерадан шығарып, елу адамды топтастырып, басқа түрмеге ауыстырамыз деп мәлімдейді. Бірақ шындығында оларды жерастындағы бөлмеге апарады. Онда тұтқындарды азаптап, дарға асу арқырылы өмірлерін тоқтатады. Кейде тұтқындарға бір ауыз сөз айтпастан, көздерін байлап, өлім жазасын орындап отырған. Мұның бәрі Сирия үкіметінің жоғары лауазымды тұлғаларының қатысуымен өтеді.

Уашингтон Сирия билігін адам құқығын бұзып отыр деп бірнеше мәрте айыптаған. Атап айтқанда, АҚШ билігінің ақпараты бойынша, Асад әскері қарулы оппозицияға қарсы бірнеше мәрте химиялық қару қолданған. Дамаск болса, айыптардың бәрін жоққа шығарады.

qazaqtimes.com