Бауырлас елдер Түрікменстан мен Түркия Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастарға 25 жыл болуына байланысты Ашғабадтағы Түркия өкілетті елшілігі мен Түрікменстан Сыртқы істер министрлігі бірігіп конференция ұйымдастырды. Конференцияда Түрікменстан-Түркия қатынастарының тарихи өткені мен бүгінгі жағдайы талқыланды, болашаққа бағытталған ұсыныстар айтылды. Бұл туралы "Анатолы" ақпараттық агенттігінің ресми сайтында жазылды.
Конференциядан бұрын Ашғабадтағы Түркия өкілетті және төтенше елшісі Мұстафа Капужу мен Түрікменстан Халықаралық қатынастар институты ректоры Баба Захиров екі ел қатынастарының оң бағытын суреттейтін фотосурет көрмесін ашты.
Конференцияға Ашғадабтағы шетелдік миссия өкілдері, Халықаралық Қатынастар Институты және Гуманитарлық ғылымдар Университеті оқытушылары, студенттер, Түрікменстанда тұратын түрік азаматтар мен Ашғабад Түрік Анадолы лицейінің оқушылары тыңдаушы ретінде қатысты.
Конференцияның беташарында сөз сөйлеген Өкілетті және төтенше елші Мұстафа Капужу 1991 жылдың 16 желтоқсан күні Түрікменстанның тәуелсіздігін таныған және артынан 1992 жылы 29 ақпан күні Түрікменстанмен дипломатиялық қатынас құрған, Ашғабадта елшілік ашқан бірінші елдің Түркия Республикасы екеніне назар аударды.
“The Qazaq Times”
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы