Англиядағы Норт-Йоркшир аймағына тиесілі Уэст Хэслертон шағын ауылының 2016 жылы сатылатындығы жайлы хабарланған болатын. Бүгінде бұл ауылдың сатып алушысы табылды. Аукционда алғашқы баға 26 миллион доллар болған. Бірақ нақты қаншаға сатылғандығын әзірге екі тарап та құпияда ұстап отыр.
Ауылда – 43 үй және көлемі 8,56 шаршы шақырым болатын 21 бөлмелі үй-жайы бар.

Фото: CUNDALLS
Бұл елді мекен 150 жыл бойы бір отбасыға тиесілі болған. 2010 жылы жердің мұрагері 84 жастағы Ив Дануэй қайтыс болғаннан кейін оның балалары ауылды сатуды жөн деп санаған.

Фото: CUNDALLS
Енді ауылдың жаңа иесі – Albanwise инвестициялық компаниясы.
Ауыл сатылымға қойылған кезде оның тұрғындары – бір дәуірдің аяқталатындығын айтқан болатын.
1960 жылдары Ив Доунэй әкесінен бұл ауылды мұра ретінде алып қалғаннан кейін, бірнеше жылдар бойы оны жалға алушыларға беріп, бағаны да өте төмен межеде ұстаған. Соның арқасында жылдар бойы ауыл көркейіп, дамыған.
The Qazaq Times


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы