АҚШ Қазына департаменті хабарлама жариялап, Трамп үкіметінің сүриялық агенттіктерден 271 адамды қара тізімге кіргізді. Себебі, АҚШ үкіметі бұл адамдар Сүрия үкіметінің химиялық қару бағдарламасын дамытуға қатысқандар деген айып таққан. Бұл туралы “The Wall Street Journal” басылымында хабарланған еді.
Ақ үй шенеуніктерінің айтуынша, бұл әрекеттері аталған елге қаратқан үлкен санкцияларының бірі болып саналады екен. Олар санкцияны адам қаза тапқан химиялық шабуыл үшін салып отырғанын да айтты. Химиялық шабуыл осы айдың бас шенінде Сүрияның Идлиб провинциясында болған еді.
АҚШ Қазына департаментінің хатшысы Стивн Нючн өз мәлімдемесіне: «АҚШ үкіметі өз санкцияларын күшейту арқылы өзгелерге ескерту сигналын беріп отыр. АҚШ үкіметі Башар Асад билігінің адамдық құқықты өрескел бұзғанына қатаң айып салады. Бұл әрекеттерді айуандыққа пара-пар болған химиялық қару қолдану әрекетінің алдын алу үшін жасап отырмыз», – деді.
The Qazaq Times


















Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?
31 мамыр: Ұмытылған әлде билік әдейі ұмыттырғысы келген тарих па?