Журналист Динара Егеубаева баласына белгісіз біреу тапанша кезенгенін хабарлады. Бұл жөнінде ол instagram желесінде жазды.
– Менің ұлыма тапаншамен шабуыл жасады. Ол Еуроодақ азаматы. Тоқаев, халықаралық дау болғанын қалайсың ба? Иттеріңді байлауда ұста, – деп жазды Егеубаева 6 ақпанда.
14 қаңтарда журналистің автокөлігін белгісіз біреулер өртеп кеткен. Егеубаева бұны «өміріме жасалған қастандық» деп бағалаған.
– Салонның ішінде кірпіш жатыр. Оны көліктің артқы әйнегінен лақтырған. Мен есеңгіреп қалдым... Көлік аулада тұр. Оның жанында өзге көліктер тұр. Жарылыс болуы мүмкін еді. Өте үлкен. Онда бірінші қабатта тұратын адамдар қаза табуы мүмкін еді. Олардың не істеп жатқанын түсінесіздер ме? Полиция, өрт сөндірушілер келді... Бұл Тоқаевтың «Жаңа Қазақстаны», – деген ол.
Динара Егеубаева Қаңтар оқиғасы кезінде азапталғандар мен оққа ұшып, қаза тапқандардың туыстарынан сұхбат алып, хабар таратып келеді. Жақында парламент сайлауына мажоритарлық жүйе бойынша кандидатурасын ұсынған. Оның жақтастары журналиске жасалып жатқан қысымдарды сайлаумен байланыстырады.
Динара Егеубаева әр жылдары «КТК», «31», «Хабар», «НТВ» (ресейлік), «Настоящее время Азия» телеарналарында жұмыс істеген.


















Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?