Украина Атом станциясындағы «қиын жағдайға» дайындалуда, ахуал нашарлауына байланысты оқу жаттығуын өткізді. Бұл туралы батыстық БАҚ жазып жатыр.
Ресей наурыздан бастап, Европадағы ең үлкен атом станциясын басып алғаннан бері біраз уақыт өтсе де жағдай оңалмады. Ресей түрлі ескертулерге қарамастан, 5 тамызда Запорожье станциясында оқ атты. Украинаның Энергетика министрі Герман Халущенко алаңдаушылығын жасыра алмай: «Орыстар 5 тамызда аймақты атқылай бастағанда жағдай күрт өзгерді», - деді. Соңғы екі аптада зауыт пен оның айналасында оқ жаудырған, тараптар бір-бірін айыптайды. Запорожье электр стансасының басып алынуы Украина мен көршілес елдерге үлкен қауіп төндіруде. Украинаның ішкі істер министрі Денис Монастырский ол жерде Ресей басқыншы күштері тұрғанда атом электр станциясының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүмкін емес екендігін айтады. Украина Ресейліктерді Еуропадағы ең үлкен АЭС-тен шығаруға қауқарсыз болып отырғандықтан, нашар жағдайға дайындалу үшін 17 тамыз күні арнайы оқу жаттығуды Запорожье қаласында өткізді. Оларды жоғары лауазымды шенеуніктер бақылап отырады, олар ең нашар сценарий болған жағдайда аймақтың қаншалықты дайын болатынын білгісі келеді.
Украинада соңғы ядролық жарылыс 1986 жылы Чернобыль атом электр станциясында болған, ол кезде Кеңес дәуіріндегі реактор жарылған болатын.
Н. Байтұрсын















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы