Сауд Арабиясы Америка Құрама Штаттарымен ортадағы шиеленісті реттеу үшін екі үкіметтік делегация жіберуді жоспарлап отыр. Эр-Рияд бұл делегация сапары президент Байденнің Сауд Арабиясына ресми сапармен келуіне жол ашады деп үміттенуде.
15 маусымдағы алғашқы делегацияны Сауд Арабиясының Сауда министрі Маджид бин Абдулла әл-Касаби бастап бару жоспарланған, ал ай соңында инвестиция министрі Халед әл-Фалих бастаған екінші делегация АҚШ-қа барады. Бұл делегациялар көлік, логистика және жаңартылатын энергия сияқты бірнеше саладағы келісімдерді талқылайды.
АҚШ-қа үкіметаралық делегация жіберутуралы Сауд билігі қазірше ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Жоғарыдағы ақпаратты VOA агенттігіне Сауд үкіметіндегі аты-жөнін білдірмеген шенеуніктер берген.
Йемендегі соғыс, адам құқығы және энергияның қымбаттауына байланысты АҚШ пен Сауд Арабиясының қарым-атынасы шиеленісті күйде тұр. Бірақ, өткен жұмада Байден Сауд Арабиясына ресми сапар жоспарының бар екенін айтқан. Сауд патшалығының тақ мұрагері Мұхаммед бин-Салман да Байден сапарында екі ел ортасындағы қарым-қатынасты реттеуді үміт етеді.
Парсы шығанағындағы елдердің Ресей және Қытаймен қарым-қатынасы барған сайын тереңдете түсуі Байден үкіметін алаңдатты, әрі АҚШ-тың аталған аймақтағы позициясы салқындай бастады.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер