АҚШ президенті Жо Байден Украинаға 40 миллиард доллар көлемінде көмек беру жөніндегі жаңа құжатқа қол қойды. Бұл соманың тең жартысынан астамы (23,4 млрд) әскери көмекке арналған, ал өзгесі гуманитарлық көмектерді қамтиды.

Ресей армиясының алғашқы ауқымды шабуылын тойтарғаннан кейін Украина президенті Володимир Зеленский қарулы күштеріне соғыс ұшақтары мен өзге де тасымал техникалары берілген жағдайда Ресей күштерін жеңіп шығатынын айтып, Батыс елдерінен әскери көмектің көлемін арттыруды сұраған болатын.

Бұған дейін Пентагон Украинаға 332 миллион АҚШ доллары көлемінде әскери көмек бергені туралы жария еткен болатын. Сәуір айында АҚШ Украинаға алыс қашықтықтан нысананы жоюға қабілетті артиллериялық қарулармен қатар анти-артиллериялық радарларды да берген еді. Мәскеу көз кезегінде АҚШ-тың бұл әрекетін айыптап, дипломатиялық нота тапсырған болатын.

Ал, Құрама Штаттар Байден қол қойған жаңа құжатқа сай берілетін қару-жарақтың төмендегідей тізімін жария етті.

Қару-жарақтар                       саны

Stinger зениттік жүйелері – 1400+;

Javelin танкке қарсы қару жүйесі – 5500+;

Өзге де брондалған зениттік жүйелер – 14 000+;

Коммутаторлы дрон жүйелері – 700+;

155 мм гаубицалары – 90 дана;

155 мм артиллериялық снарядтарынан – 200 000+;

155 мм гаубицаларды алып жүретін тактикалық машина – 72 дана;

Ми-17 тікұшағы – 16 дана;

Шағын атыс қаруларынан – 7000+;

Оқтар – 50 000 000 ;

Сауытты киімдер мен дулығалар – 75 000;

Phoenix Ghost тактикалық ұшқышсыз ұшу жүйелерінен – 121 дана;

Анти-артиллериялық радардан – 17 дана;

Кеңістікті бақылаушы радардан – 2 дана;

Лазермен басқарылатын зымыран жүйелері;

Бұдан тыс:

Жүздеген күшейтілген жоғары жылдамдықты талғамайтын көліктер;

200 дана M113 сауытты транспортерлер;

Puma ұшқышсыз ұшу жүйелері, жағалау бақылайтын жүргізушісіз қайық;

M18A1 Claymore жаяу әскерінің оқ-дәрілері;

Кедергілерді жоюға арналған С-4 жарылғыш және жойғыш жабдық;

Тактикалық қауіпсіз байланыс жүйелері;

Түнгі көру құрылғылары, тепловизорлар, оптика және лазерлік қашықтық өлшегіштер;

Коммерциялық спутниктік бейнелеу қызметтері;

Жарылғыш заттарды залалсыздандыруға арналған қорғаныс құралдары;

Химиялық, биологиялық, радиологиялық, ядролық қарудан қорғау құралдары;

Алғашқы медициналық көмек көрсету құралдарын қамтыған медициналық керек-жарақтар;

Электрондық блоктау жабдықтары;

Дала жабдықтары және қосалқы бөлшектер.

The Qazaq Times