Қазақстанның Украинадағы төтенше және өкілетті елшісі Дархан Қалетаев Азаттық тілшісіне қазақстандықтарды эвакуациялау жолдары туралы айтты. Оның сөзіне қарағанда, Украинаның әуе кеңістігі жабық, сондықтан елшілік басқа жолды қарастырып жатыр, деп хабарлады Орталық Азия жаңалқытар қызметі.
- Әуежай іздеп жатырмыз. Қай жерге Air Astana'ның ұшағы қонатын мүмкіндік барын анықтау керек. Беларусьпен шекара жабық. Молдоваға автокөлік жолы Одесса арқылы баратындықтан қауіпті. Ол жерлерде соғыс болып жатыр. Ең қауіпсізі Львов қаласы, азаматтарға сол жаққа баруды ұсынып жатырмыз. Ары қарай Польша не Венгрияға шығаруға тырысамыз. Азаматтардың Еуропа елдеріне визасы жоқ, сондықтан қай мемлекет бізге жасыл коридор бере алатынына байланысты. Әзірге жоспар осындай, – деді елші.
Елшінің сөзінше, Киев көшелерінде кептеліс, тұрғындарда дүрлігу бар. Соған қарамастан елшілік жұмыс істеп тұр. Қазір елшілік ғимаратында Қазақстанның 30 шақты азаматы бар. Украинадағы Қазақстан елшілігінің мәліметінше, 2 мыңдай азамат консулдық тіркеуде тұр.
24 ақпанда таңертең Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Украинадағы қазақстандықтарды эвакуациялау амалдарын қарастырып жатқанын хабарлаған.
Бейсенбі күні күндіз Киев облысында тұратын қазақстандық оппозиция белсендісі Владимир Козлов Азаттыққа елшіліктен эвакуация жайлы хабар түсті, бірақ уақыты мен орнын нақтыламады деп айтқан.
Өзбекстанның Киевтегі елшілігі де Украинадан кеткісі келетін азаматтардың тізімін жасап, оларды эвакуациялау жоспарын жасап жатыр.
Өзбекстан елшілігі эвакуациялау жолын www.uzbekistan.org.ua сайты арқылы және әлеуметтік желілер арқылы хабарлайтынын жеткізді. Сонымен бірге азаматтарын embassy@uzbekistan.org.ua поштасына хабарласуын сұрайды.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы