Ресейдің Украина шекарасына әскер топтауына жауап ретінде АҚШ пен еуропалық одақтастары «күтпеген әрекеттерді» жоспарлап жатқанын мәлімдеді. Көптеген елдер Ресейдің кезекті әскери қимылы жайдан-жай емес деп қауіптенеді.
Ресейдің 92 мыңнан астам жасаған Украина шекарасына топтағанын әу баста АҚШ шенеуніктері әртүрлі тұспалдап, шешім қабылдауда тығырыққа тірелгені бар. Соңғы күндері Уашингтон Мәскеудің бұл әрекетінен қауіптене бастады. 23 күні бірқатар америкалық шенеуніктер «соңы қалай болмасын, АҚШ Украинаға қолдауды күшейтетінін» айтты.
Ақпарат көздерінің мәліметінше Құрама Штаттар Ресейдің қауіпті әрекетіне қарсы күресу үшін кейбір қуатты қаруларды қолдануға шешім қабылдаған. Әрі бұл арқылы болашақтада осы қаруларды қолданудан тартынбайтынын көрсеткісі келеді. Бұндай мәліметті VOA агенттігіне аты-жөнін көрсеткісі келмеген АҚШ-тың жоғары лауазымдысы айтқан.
«Біз Мәскеуді шиеленісте азайтуға шақырамыз, – деген есімін жасырған америкалық лауазымды, – алғашқы қадам – зорлық-зомбылықты тоқтатудың 2020 жылдың шілдесіндегі ең төменгі деңгейге дейін түсіруді талап етеміз», – деген.
Осымен бір уақытта АҚШ Мемлекеттік департаменті «қандай да бір күтпеген жағдайға жауап беруге дайынбыз» денен мағынадағы мәлімдеме жасады.
Ал бес-алты сағат бұрын АҚШ-тың Біріккен штаб кеңестінің төрағасы Марк Милли Ресей қарулы күштерінің жетекшісімен телефон арқылы сөйлескені туралы мәлімет тарады.
Пентагон диалог мазмұнын ашып айтпады, тек «қауіпсіздікке қатысты алаңдатып отырған бірнеше тақырыптар талқыланғанын» айтады. Сондай-ақ, бұл сөйлесу «қауіптердің азаюын және операцияларда қақтығыстардың алдын алуды қамтамасыз ету үшін екі көшбасшының үздіксіз байланысы» деп көсеткен.
Ал, Украина мен АҚШ-тың жоғары шенділері осы аптада бірнеше рет телефон арқылы сөйлесіп Шығыс Еуропадағы қауіпсіздік мәселесін талқылап келеді.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау