Астанада "Нұр Отан" партиясы саяси кеңесінің отырысы "құпия" өтіп жатыр. Оған ақпарат құралдары шақырылмаған. Жиыннан трансляция да көрсетілмейді. Отырыстың өзі сейсенбі күні күндізгі сағат 3-те басталатыны хабарланған еді. Бұл туралы Орталық Азия жаңалықтар қызметі жазды.
Азаттық тілшілері сейсенбі күні "Елбасы кітапханасына" барған кезде ғимарат маңында күзет күшейгенін көрді. Ғимарат қақпасы жабық, оған тек арнайы рұқсаты бар көліктер ғана кіріп жатты. Кітапхана маңында камера бекітілген көліктер, жедел жәрдем машиналарының тұрғаны байқалды. Полиция автобустары да бар.
Азаттықтың түсірілім тобын көрген сақшылар келіп, "кітапханада жиын өтіп жатыр, бастықтар кетсін деп жатыр" деп ескерту жасады.
Бірінші президент Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай телефонына жауап бермеді. Ал "Нұр Отан" партиясының баспасөз қызметі бір күн бұрын саяси кеңес отырысы онлайн көрсетілмейтінін айтқан.
Бұған дейін партияның саяси кеңес отырысында "түрлі өзгерістердің болатыны" жайлы болжамдар айтылған.
Кеңес отырысына қатысушылардың бірі 23 қарашада Азаттық тілшісіне жиында "партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру мәселесі қарастырылып жатыр. Жиынды партия төрағасы [Нұрсұлтан Назарбаев] жүргізіп жатыр" деп хабарлады.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы