Ливан орталығы Бейрут қаласындағы үкіметке қарсы наразылық акциясы атысқа ұласты. 6 адам қаза тауып, 30-дан астам адам жарақат алды. Қарулы қақтығыс шиит мұсылман топтарының қарсылық шарасы кезінде болғаны айтылуда.
Былтыр Бейрут портындағы жарылыс, пандемия, елдегі ұзақ уақытқа созылған әлеуметтік дағдарыс көптен бері үкіметке қарсы наразылықты күшейтіп келді. Ел азаматтары бұған дейін де үкімтті коррупциямен айыптап бейбіт наразылық шараларында өткізген.
Бұл жолы елдегі «Хизбулла» және «Амал» қатарлы шииттік мұсылман топтардың наразылығында оқ атылып, соңы қарулы қақтығысқа ұласқан. Аталған шиіттік топтар былтырғы жарылысқа қатысты соттың шешімі мен тергеу-тексеру амалдарына наразы. Ливан соты жарылысқа елдегі шииттік топтардың да қатысы бар деген күдіктерді қарастырған болатын.
Кешегі қақтығысқа қатысты «Хизбулла» тарабы мәлімдеме жасап, Ливан қарулы күштеріндегі христиан снайперлері жиналғандарға қарата оқ атқанын айтты. Алайда, Ливан күштері бұл мәліметті терістеді. Дегенмен, осының өзі қақтығыстың сипатын діни алауыздыққа қарай бұрып отыр.
Әлеуметтік желілерге тараған видео жазбалар мен суреттерден тараптардың кезектесе оқ атысып, көше-көшелерде жауаптасқан ұрыс болғанын көруге болады. Сырт елдің сарапшылары мен отандық бірқатар тәуелсіз сарапшылар да бұл жағдайдың Сүрия дағдарысына алып келген қақтығыстарға қатты ұқсайтынын айтуда. Алдағы уақытта Ливанда тұрақсыздық орнауы мүмкні деген болжамдар да жоқ емес.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес