Бүгін, 1 қазан Иран қарулы күштері Әзірбайжанмен шекаралас аймақта әскери оқу-жаттығуын бастайды. Бұл туралы бір күн бұрын Иранның IRNA ақпараттық агенттігі хабарлады.
Әскери жаттығу туралы Иранның құрлық күштері командирі, генерал Киомерс Хайдари ақпарат құралдарына ресми мәлімдеме жасаған. Оның айтуынша жаттығуға жүздеген әскери техникамен қатар мыңдаған сарбаздар қатыстырылады. Иранның мемлекеттік арналары елдің солтүстік-батыс аймағында өтетін әскери жаттығуға дайындалып жатқан қарулы күштердің суреттері мен бейне жазбаларын да қоса таратты.
Хайдари жасаған мәлімдемеде белгілі болғандай, кезекті жаттығу «Хейбер жеңімпаздары» деп аталған, жаттығуда сауытты әскери көліктер мен артиллерия күштері және ұшқышсыз ұшу құрылғылары мен өзге де электронды әскери техникалар сыналады.
Бұдан бұрын Әзірбайжан қарулы күштері Иран шекарасына жақын аумақта әскери жаттығу өткізген болатын. Бұл Иран тарабынан наразылыққа ұшыраған. ИИР құрлық күштерінің кезекті жаттығуы Әзірбайжанға жауап ретінде өткізіліп жатыр.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес