Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан АЭС салатын болса, Ресей көмектесуге әзір екенін, қазақстандық мамандарды да осы салаға баулуға дайын екенін мәлімдеді. Бұл жөнінде ол бүгін, 30 қыркүйекте өткен XVII аймақаралық ынтымақтастық форумында айтты.
"Ресей біздің әріптестерге, қазақстандықтарға да, атом электр станциясын салып, пайдалану бойынша көмегін ұсынады. Мәселе республикада ресейлік үлгідегі АЭС салу жөнінде ғана емес, тұтас саланы қалыптастыру жөнінде болып отыр. Оның ішінде атом энергетикасымен байланысты кадрларды ресейлік оқу орындарында оқыту да бар" деді Владимир Путин.
Бұған дейін қыркүйектің басында Владивостокта өткен Шығыс экономика форумының пленарлық отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға атом электр станциясы қажет екенін айтқан. Тоқаев оған дейін өз жолдауында да елге АЭС қажет екеніне тоқталған. Ол үкіметке "бір жылдың ішінде қауіпсіз атом энергетикасын дамытуды зерделеуді" тапсырған.
Қазақстан билігі елде АЭС салу бастамасын кейінгі жылдары жиі көтеріп жүр. Бірақ қоғамда билікті бұл бастамасына қарсылар көп.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы