Америка Құрама Штаттары дыбыс жылдамдығынан бес есе тез ұша алатын гиперсониялық қаруды сынақтан сәтті өткізгенін хабарлады және бұны «тарихи жетістік» деп бағалаған.
Сынақ туралы Пентагон жанындағы Қорғаныстық Жетілдірілген Ғылыми жобалар Агенттігі (Defense Advanced Research Projects Agency/DARPA) дүйсенбігі күні хабарлады. Мәліметке сәйкес аталған агенттік өткен аптада АҚШ Әскери-әуе күштерімен бірлесе отырып әуеде ұшырылатын гиперсоникалық қарудың (HAWC) ұшу сынағын сәтті аяқтаған. Хабарламада айтылуынша, Raytheon компаниясы өндірген гиперзонды круиздік зымыраны әскери ұшақтан атылған және көмірсутекті қозғалтқыш отынмен небары бірнеше секунт ішінде ең жоғары жылдамдыққа жете алған.
Егер бұл түрдегі зымыран түрі әуе күштеріне қолдануға берілсе ол жау радарларының бақылауын және анти-зымыран жүйесінің тосқауылынан өте алады. Бұндай жылдамдыққа ие зымыран жарылғыш оқтұмсықтары болмаған күннің өзінде нысаналарды күйретуге қабылетті болып келеді.
Бұндай жоғары жылдамдыққа ие әуе қаруын сынауда барлық тест сынақтары жоғары нәтиже көрсеткенін DARPA мен Пентагон мақтана хабарлап отыр. Ұзақ жылдан бері АҚШ Қорғаныс министрлігі мен қорғаныс өнеркәсібі гиперсоникалық қаруды зерттеу мен әзірлеу жобасын бірлесіп жүргізіп келген. Құрама Штаттардың үкіметі қорғаныс өнеркәсібінде, жаңа қару-жарақты өндіруде жеке компаниялармен де ынтымақтастық жасап келеді.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес