Қара теңіздегі Керчь бұғазы маңында құрғақ жүк тасымалдайтын «Герои Арсенала» жүк кемесі апатқа ұшырады. Деректер бойынша, бортында 12 адам болған. Олардың бесеуі табылды, ал қалғандарының жағдайы әзірге белгісіз.
Жүк кемесі радардан бүгін түнде жоғалып кеткен. Осы уақытта кеме жүзіп өткен аймақта 3,5 баллдық дауыл болған. Кеме жоғалардан бұрын төтенше жағдай орын алғандығы жайлы SOS хабарламасын жіберген болатын.
Краснодар өлкесінің төтенше бөлімінде апат шамамен Тамань елдімекенінен 15 миль қашықтықта орын алғандығын айтуда. Биіктігі 3 метрге дейін жететін толқындар мен секундына 20 метрге дейін соққан желдің салдарынан құтқарушы кемелер дер кезінде апат орын алған аймаққа жете алмаған.
Бүгінде барлық құтқарушы топ жұмылдырылып, қалған жеті адам іздестірілуде.
“The Qazaq Times”


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы