Түркия Иранмен шекарасына қорған тұрғызуда. Бұл әрекетін Ауғанстаннан келетін босқындар ағынын тоқтату үшін жасалған қадам деп түсіндірді.
Түркияның Қорғаныс министрлігі таратқан ресми мәліметтерге сәйкес, арнайы тікен торлармен қоршалатын шекара дуалының ұзындығы 295 шақырымды құрайды. Шекара қорғанының құрылысы барынша қарқынды жүргізілуде. Қазірге дейін 150 шақырымдық шекара сызығын бойлай терең шұңқырлар да қазылып болған.
«Біз бұл жұмысты тездетіп бітіріп, шекарамыздың бекемдігіне нық сенімді болғымыз келеді», – деді елдің қорғаныс министрі баспасөздегі мәлімдемесінде. Оның айтуынша жұмыстың аяқтауына көп уақыт қалған жоқ. Кейбір шекара бекеттері мен әскери базалар орналасқан аймақтарды бекемдеу жұмыстары да бар.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес