Түркияның орталық қаласында жергілікті тұрғындар мен сүриялық босқындар арасында жанжал туылды. Анкаралық ондаған тұрғын сириялық босқындарға тән дүкендер мен көліктерді қиратқан. Жанжал түркиялық және сүриялық жастардың ортасындағы төбелестен басталған. Төбелесте 18 жастағы түрік азаматы пышақ жарақатынан қаза тапқан.
Әлеуметтік желіге тараған суреттер мен видеолардан айғай-сүренмен қостаған жергілікті тұрғындардың полиция қоршауын бұзып өтіп, көліктер мен дүкендерді қиратқаны көрінеді. Кейбір дүкендер мен үйлердің терезелеріне тас лақтырып жатқанын да көруге болады.
«Рейтердің» хабарына қарағанда полиция жанжалды тоқтату үшін әуеге оқ атқан. Жаппай тәртіпсіздікке қатысқан 76 адам қамауға алынған. Анкараның жанжал болған Алтындаг ауданында дүкендер жабылып, арнайы күзет тобы қойылған.
Түркияда Сүриядан барған 3,7 миллионнан астам босқын өмір сүреді. Олардың тек 10 пайызы ғана елдің оңтүстік шығысындағы арнайы лагерлерде тұрады. Ал, қалғаны өз бетінше елдің әр өңірін мекендеп кеткен.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес