Иерусалим қаласында тағы да жанжал. Ондағы Ислам қорлары жүзден астам еврей азаматы әл-Ақса мешітіне күшпен басып кіргенін мәлімеді.
Иерусалимдегі Ислам қорларының таратқан мәліметіне қарағанда, Израиль полициясының қолдауына сүйенген 116 еврей азаматы әл-Ақса мешітіне күшпен басып кіріп, ондағы мұсылмандардың қарсылығына тап болған. Ислам қорлары еврей азаматтарының әрекеттерін мақсатты арандатушылық деп айыптаған.
Израиль ресмилері берген түсініктемеде еврей азаматтары әл-Ақсаға туристік мақсатта кіргенін айтқан. Алайда, бұндай әрекет бір күн ішінде бірнеше рет қайталанған.
Әл-Ақса мешіті мұсыландар жағынан киелі орын саналады. Еврейлер үшін де тарихи символдық мәні бар. Соңғы кезде әл-Ақса мешітіне кіру бойынша Шығыс Иерусалимдегі мұсылмандар мен еврейлер арасында жанжал ауық-ауық қайталануда. Бұл онсызда нашар күйдегі Израиль мен Палестина қатынасты одан арман ушықтырып келеді.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес