АҚШ авиация және ғарыш барлау мекемесі (NASA) жариялаған хабарда, 19 сәуір күні диаметрі 100 метрден асатын аспан денесі ғаламшарымызға жақын аралықта өтеді. Метеориттің планетамызға қарай келе жатқанын NASA ғалымдары 2011 жылы байқаған екен. Бұл туралы «Шинлаң» ақпараттық агенттігі хабарлайды.
NASA ғалымдарының айтуынша, Жер планетасына 1 млн 800 мың шақырым аралықта өтеді. Бұл Ай мен Жер ара қашықтығының 4 есесіне тең аралық. Десе де ғарыш зерттеушілер диаметрі 100 метрден асатын аспан денелерінің бәрі де, ғаламшарымызға қауіп төндіруі мүмкін деп санайды. Әзірге бұл аспан денесінің Күн жүйесінде бұрыннан бар үлкенді кішілі метеориттердің соғылуынан пайда болғаны болжанып отыр.
Ғылыми орталықтың мәліметіне сүйенсек бұдан сегіз есе үлкендіктегі тағы бір аспан денесі 2027 жылы Жерге жақын кеңістікте өтеді екен.
The Qazaq Times


















Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?
Қазақстандағы жасанды интеллекттің ақпараттық жұмысы және БАҚ еркіндігі: Билік ЖИ-ді шектеу саясатын қолға ала ма?
Астанада қалған жаңаөзендік жұмыссыздар "Қазмұнайгаз" келіссөзді тоқтатып тастады дейді
ФБР Пентагонның құпия құжаттарының жариялануына қатысы бар күдіктіні қамады
Назарбаев "құрметті сенатор" атағынан айырылды
Моңғолия астанасында жаппай наразылық шерулері өтті