Қазақстандық әнші Рухия Байдүкенова Витебскіде (Беларусь) өткен "Славян базары" фестивалінің бас жүлдесін жеңіп алды.
Ол конкурстың финалдық кезеңінде америкалық атақты әнші Мэрайя Кэридің орындауындағы "Emotions" әнін шырқады.
Жарыста бірінші орынды Сербиядан келген Ирина Арсениевич, екінші орынды украиналық Рената Штифель мен Даниил Мышковец иеленді. Словакиялық Иванна мен Әзербайжаннан келген Тофик Гаджиев үздік үштікті түйіндеді.
22 жастағы Рухия Байдүкенова - Талдықорған қаласының тумасы. Қазір ол Қазақ ұлттық өнер университетінде "Эстрадалық вокал" мамандығы бойынша үшінші курста оқып жатыр. Бұған дейін Байдүкенова халықаралық конкурста топ жарған емес.
Қазақстан әншілері осыған дейін "Славян базары" байқауының бас жүлдесін екі рет жеңіп алған. Атап айтқанда, 2015 жылы Димаш Құдайберген, 2019 жылы Әділхан Макин осы конкурста топ жарған.
"Славян базары" халықаралық өнер фестивалі 1992 жылдан бері өтеді















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы