Бейсенбі, 8 шілдеде ертеңгісін қазақстандық белгілі режиссер, сценарист, жазушы Сатыбалды Нарымбетов қайтыс болды. 75 жасында дүниеден озған қоғам қайраткерінің қазасын көпшілік ауыр қабылдады. Қаралы хабарды Мәдениет министрлігі растады.
Бұдан бірнеше күн бұрын әріптестері осызаманғы қазақ киноматография корифейінің ауыр сырқаттанып, ауруханада жатқанын хабарлаған еді.
Сатыбалды Нарымбетов Оңтүстік Қазақстан облысы (қазіргі Түркістан облысы) Кентау маңындағы Ащысай ауылында 1946 жылы 7 наурызда дүниеге келген. Мәскеу қаласындағы мемлекеттік кинематография институтын бітірген. 1984 жылы жоғары режиссерлік курсты (Г.Н. Данелияның шеберханасы бойынша) бітірген. 1969 жылдан «Қазақфильм» студиясында сценарист әрі кинорежиссер ретінде қызмет етті. 1970 жылдан – осы киностудияның кинорежиссері болды. Ал 2005 жылдан бері Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ «Дебют» бірлестігінің жетекшісі қызметінде болып келді.
«Созақтан шыққан Гамлет», «Қыз жылаған», «Мұстафа Шоқай», «Аманат» сияқты белгілі картиналардың авторы, сонымен қоса, ілгеріде «Құрманғазы» деректі фильміне, «Зауал», «Күзгі бұралаң жол» қысқа метражды, «Ұрын келген күйеу», «Көзімнің қарасы», «Жас аккордеоншының өмірбаяны» және тағы басқа көркем фильмдерге режиссерлік еткен.
Сатыбалды Нарымбетовтің қазасына редакция ұжымы туыстары мен көрермендеріне қабырғасы қайыса көңіл айтады.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы