Каспий теңізінде Иран әскери-теңіз және әуе күштері көлемді әскери жаттығу өткізуде. Жаттығуға әскери кемелерден тыс әскери ұшақтар, ұшқышсыз ұшу құрылғылары қатысқан.
Аталған әскери көлемді әскери жаттағу Каспийдің оңтүстік жағалауындағы 77 мың шаршы шақырым кең теңіз айдынында өткізілген. Бұл Иранның дәстүрлі түрде өткізіп келе жатқан «Тұрақты қауіпсіздік –1400» деп аталатын әскери жаттығуы. Кезекті жаттығуда Иран шабуыл мен шабуылдан қорғану практикаларына қоса, зымыран және өзге де электронды жүйелерді сынақтан өткізген.
Ауғанстаннан АҚШ пен НАТО күштерінің шегіндірілуі елдегі Иран ықпалын күшейтуі мүмкін деген болжамдар бар. Ауғанстандағы Иран ықпалы күшейсе, оған ілесе Орта Азиядағы ықпалы да арта түсуі мүмкін. Оның үстіне Иран Қытаймен маңызды стратегиялық келісімдерді жүзеге асырды. АҚШ бастаған кейбір Батыс елдерімен қайшылықтарына қарамастан Иран Орта Азия мен Орта Шығыстағы ықпалын қатар арттыруды көздеп келеді.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау