Германия канцлері Ангела Меркель Еуроодақ-Ресей бірлескен саммитін өткізуді ұсынды.
Дегенмен одақ елдері Владимир Путинмен келіссөз өткізу жөнінде ортақ шешімге жете алған жоқ. Германия және Франция ұсынған осы бастамаға 10 мемлекеттің басшысы қарсы шықты.
Канцлер Ангела Меркель мәлімдемесінде: «Қырғи-қабақ соғысы кезіндегі күрделі жағдайда үнемі келіссөздер өткізілгенін есте сақтауымыз керек. Жеке-жеке ел ретінде емес, бүкіл Одақ бірлесіп, Ресеймен келіссөз жүргізу дұрыс деп санаймын», – деді.
Саммитке қатысушылар Кремльге салынған санкциялардың мерзімін жарты жылға ұзарту туралы шешімге келді. Демек, Ресей кезекті мәрте санкцияға ілігуі мүмкін.
Мұнымен қатар жиында Еуроодақ басшылары миграцияны реттеуге бағытталған шаралар қабылдайтынын жариялады. Еуроодақ өз бюджетінен Түркиядағы сириялық босқындарды қолдауға 3 миллиард доллар және Иордания мен Ливандағы босқындарға тағы 2 миллиард 200 миллион доллар бөлмек.


















Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?