Бүгін, 24 маусымда Алматыда 50-ге тарта адам Медеу аудандық полиция бөлімінің алдына жиналып, екі күн бұрын Қытай консулдығы алдында "заңсыз пикет ұйымдастырды" деп айыппен 15 тәулікке қамалған белсенді Байболат Күнболатұлын бостандыққа шығаруды талап етті. Түс болмай жиналған бір топ адам ғимарат алдында талаптарын айтып әлі тұр.
Жиналғандар арасында Күнболатұлының туыстары, Қытай консулдығы алдында Шыңжаңдағы туыстарына араша сұрап, пикет өткізіп жүргендер, белcенділер бар. Олар дүркін-дүркін "Байболатқа бостандық, жасалмасын қастандық!" деген ұран көтерді.
Наразылардың алдына шыққан полиция қызметкерлері оларға Күнболатұлының басқа жақта әкімшілік жазасын өтеп жатқанын айтып, талаптарының "орынсыз" екенін айтты. Прокурор келіп, жиналғандарға ескерту. Бірақ жиналғандар тараудан бас тартты. Олар қарсылық шарасын Күнболатұлы бостандыққа шығарылғанша жалғастыратындарын айтты.

Жиналғандар "Бостандық!" деп ұрандатып тұр. Фото: QT М.Кәшібай
Сол маңда оқиғаны бақылап тұрған полиция қызметкерлері Qazaqtimes тілшісінің "жиналған топтың талабы орындала ма?" деген сұрағына нақты жауап берген жоқ.
Шыңжаңдағы туыстарын босатуды талап етіп, Қытайдың Алматыдағы консулдығы алдында 4,5 айдан астам уақыттан бері пикет өткізіп жүргендер Қазақстанда өздерінің қудалана бастағанын айтады. Олардың көбі кемінде бір-екі рет әкімшілік жауапқа тартылып, айыппұл алып үлгерді.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді