Моңғол Халық партиясының төрағасы Ухнаагийн Хурэлсух алтыншы президент болып сайланды.
МОНЦАМЕ агенттігінің мәліметінше, Хурэлсух 67,6% дауыс жинаған. Парламенттің бұрынғы депутаты, «Шыншыл адам – электорат» коалициясының өкілі Дангаасурэнгийн Энхбатқа сайлаушылардың 20,2%-ы, оппозициялық бағыттағы демократиялық партияның бұрынғы басшысы Содномзундуйн Эрдэнге шамамен 6%-ы дауыс берген.
Ел астанасы Ұлан-Батырда президенттік сайлау алдындағы үгіт-насихат науқаны коронавирус пандемиясының салдарынан белсенді ұйымдастырылмады. Соған қарамастан, сайлауға халықтың 52,69%-ы дауыс берген.
Моңғол Халық партиясы қазірдің өзінде елдің парламенті мен үкіметін басқарады. Енді аталған партия елдегі барлық билікті иемденді.
52 жастағы Ухнаагийн Хурэлсух бұған дейін Моңғолияның премьер-министрі болған. Ол өткен жылы пандемия кезінде елдегі денсаулық сақтау жүйесіне қарсы наразылықтар кезінде қызметінен кетті.
Моңғолияда осымен сегізінші рет президент сайлауы өтті. Бұған дейін сайлау 1993, 1997, 2001, 2005, 2009, 2013, 2017 жылдары болған.


















Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?