Франция АҚШ-тың Тәуелсіздік күніне орай екінші «Азаттық» мүсінін (Statue of Liberty) сыйға тартпақ. Мүсін XIX ғасырда Францияда жасалып, Париждегі мұражайда сақталған. Алдағы күндері көшірмені АҚШ-қа жіберу жоспарланып отыр. Сыйлық 4 шілдеде Франция елшілігі алдында орнатылады.
Шетелдік басылымдарға сұхбат берген Des Arts Et Metiers мұражайының директоры Мари Лаура Эстигнард: «Екі мүсін де Франция мен АҚШ арасындағы достық қарым-қатынасты және қос мемлекеттің егемендігін білдіреді. Америкалықтардың тәуелсіздік туралы декларациясы 1776 жылы қабылданған. Бізде 1789 жылы Ұлы француз революциясы басталды. Яғни екі оқиға арасындағы айырмашылық 13 жыл. Бұл қос мемлекеттің тарихында ұқсас тұстардың көп екенін білдіреді», – деді.
Негізінен Нью-Йоркте орналасқан әлемге танымал нысан – «Азаттық» мүсінін 1886 жылы франуздар Америкаға сыйға тартқан. Тәуелсіздік пен демократияның белгісі ретінде аталған мүсінді құру идеясы 1865 жылы атақты француз ғалымы және адвокаты Эдуард Рене Лефевр де Лабуэйеге тиесілі.
Мүсіннің бастапқы моделін 1870 жылы Бартольди әзірледі. Бүгінгі күні бұл аңызға айналған ескерткіштің алғашқы көшірмесі Париждегі Эйфель мұнарасы жанындағы Люксембург бақшасында орналасқан. Мүсіннің биіктігі – 92 метр, салмағы 200 тоннадан асады. Көшірменің өлшемдері түпнұсқадан 16 есе кіші.
Бедлоу аралында ескерткіш салу жобасы 1877 жылы ғана АҚШ конгресі тарапынан мақұлданды. Бірақ француз жоспары бойынша, АҚШ-тың Тәуелсіздік Декларациясына қол қойылғанына 100 жыл толуына, яғни 1876 жылдың 4 шілдесіне дейін ерекше сыйлық ретінде дайын болғанын қалаған. Мүсіннің алғашқы таныстыру рәсімі 1884 жылдың 4 шілдесінде Францияда өтті. Содан кейін ескерткіш бөлшектеп АҚШ-қа жіберілді. Нью-Йоркке Азаттық мүсіні 1885 жылы 17 шілдеде келді. Мүсінді жинау 4 айға созылды. Азаттық мүсінінің ресми ашылуы тек 1886 жылдың 28 қазанында АҚШ президенті Гровер Кливлендпен өтті.
Бедлоу аралы ресми түрде 1956 жылы Азаттық аралы болып аталды. Алайда Бартольди 80 жыл бұрын ол идеяны ұсынған болатын. Мүсін бейнесі Бартольдидің анасы – Шарлотта.