Ryanair әуе компаниясының Ирландиядан Польшаға ұшып бара жатқан рейсі Берлин әуежайына шұғыл қонды.
160 адам мінген ұшақта жарылғыш зат бар деген хабар тараған. Берлинге қонған соң жүк қауіпсіз жерге жеткізілді. Тексеріс нәтижесінде жоғарыда таратылған ақпараттың жалған екені анықталды.
Бұл Ryanair компаниясы ұшырасқан алғашқы жағдай емес. 23 мамырда Беларусь арнайы қызметі Литваға бағыт алған жолаушы ұшағына «бомба қойылды» деген хабарды желеу етіп, Роман Протасевич отырған коммерциялық ұшақты Минскіге қонуға мәжбүрледі. Борттан бомба табылмады, есесіне Беларусь полициясы ұшақта болған оппозициялық журналист, NEXTA Live Telegram арнасының негізін қалаушылардың бірі, журналист Роман Протасевичті тұтқындады. Ұшақты бұруға Беларусь режимінің басында отырған Александр Лукашенконың өзі бұйрық берген.
24 мамырда Брюссельдегі кездесуде Еуропа одағына мүше 27 елдің лидерлері Беларусь билігіне тағы да санкция салуға келісті. Жиында ЕО лидерлері одаққа мүше елдердің әуе компанияларын Беларусь төбесінен ұшпауға, Беларусьтің Belavia әуе компаниясын Еуропаға кіргізбеуге шақырған.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел