Сүрия президент сайлауын өткізуге дайындалуда. Бұл елдегі азаматтық соғыс басталғаннан бергі екінші рет өткелі жатқан ауқымды саяси науқан. Сүрия билігі елдің барлық провинцияларында сайлау учаскелері ашылғанын хабарлады.
Қазіргі президент Башар Асад елді жиырма жылға жуық уақыт басқарып келеді. Азаматтық соғыс кезінде оның билігі өзіне қарсы оппозция жетекшілерін қудалап, қинауға алды деп те айыпталған болатын.
Кезекті сайлауда Башар Асадқа қарсылас ретінде "Демократиялық оппозиция шебінің" жетекшісі Махмуд Ахмед және бұрынғы социалистика партияның депутаты Абдолла Салм қатарлылар аталуда. Алайда, сарапшылар бұл жолы да Башар Асад билікте қалады деп санайды.
Бұдан тура он жыл бұрын сириялықтар Башар Асад билігіне наразылық білдіріп, демократиялық талаптармен көшеге шыққан болатын. Оның нәтижесі азаматтық соғысқа алып келді. Бұдан пайдаланған террорлық топтар да Сүрия жерлерінде "Ислам мемлекетін" құруға тырысты.
Он жылға жалғасқан соғыс былтыр наурыз айында ғана толастады. Ресейдің қолдауына ие болған Башар Асад Сүрияның түгелге жуық аумағына қайта билік орнатқан.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес