Таяу Шығыста Израиль мен ХАМАС қозғалысы арасындағы атыс тоқтады. 11 күнге созылған қанды қырғынның аяқталуына Египет билігі мен халықаралық қауымдастықтар себеп болды.
19 мамырда Израиль перемьері Беньямин Нетаньяху ел халқының қауіпсіздігі қамтамасыз етілгенге дейін әуе шабуылдарының жалғаса беретінін айтқан болатын.
Ал 20 мамырда израильдің әскери-саяси кабинеті арнайы отырыс кезінде атыс-шабысты біржақты тоқтату туралы ұсынысты мақұлдады. ХАМАС қозғалысы да бұл шешіммен келісті. Жуырда Египет президенті аймақтағы бітімгершілікті бақылау үшін Палестина мен Израильге екі делегация жіберетінін мәлімдеген болатын.
Тараптар арасында бітім ұзақ уақытқа созылуы үшін Египет Израиль және Палестина өкілдері арасында кездесу ұйымдастыруға күш салады деген де ақпарат бар.
Таяу Шығыстағы шиеленіс өткен айда ушыға бастаған. Оған Израиль сотының Иерусалимдегі Шейх-Джарах ауданынан палестиналықтарды көшіру туралы шешімі себеп болды. Израиль 1967 жылы Таяу Шығыстағы соғыстан соң Шығыс Иерусалимді басып алып, астанамыз деп жариялаған. Бірақ халықаралық қауымдастық Иерусалимді Израиль астанасы деп мойындамады. Палестиналықтар Шығыс Иерусалимді өз жеріміз әрі болашақта құрылатын тәуелсіз еліміздің астанасы болады деп санайды.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді