Америкалық Space X компаниясы ғарышқа тағы 54 жерсерігін ұшырды. Оларды Falcon 9 зымыран тасығышы Флоридадағы ғарыш айлағанынан әкетті.
Бұл – осы зымыран тасығыштың биыл 15-ші мәрте көкке көтерілуі. Бағдарлама Starlink ғаламдық интернет жүйесін құру жобасы негізінде жүзеге асты. Ол әлем халқын жердің кез келген түкпірінен кеңжолақты интернетпен қамтамасыз етуге бағытталған. Ғаламдық интернет жүйесі 12 мың жерсерігінен тұрады. Оны алдымен АҚШ аумағында, содан кейін бүкіл әлемде қолдану көзделген.
Биыл наурызда SpaceX компаниясының Falcon 9 зымыран тасығышы байланыс үшін қолданылатын Starlink-тің ондаған спутнигін орбитаға шығарды. SpaceX компаниясы бұған қоса, 9 рет ұшырылған зымыранын 9-рет қондырып, кезекті рекордқа қол жеткізген.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел