Жаһандық індет кезінде бірқатар Орта Шығыс елдеріндегі дағдарыстан пайдаланып ДАИШ секілді қауіпті тереорлық ұйымдар өз әрекеттерін жандандыра түсті. Апта соңында аталмыш террорлық топтың қарулы содырлары Ирактың Киркук жерінде мұнай кешеніне шабуыл жасады.
БҰҰ-ның терроризмге қарсы күрес ұйымы мәліметтеріне қарағанда, "Ислам мемлекеті" террорлық тобы індет кезіндегі карантин шараларынан пайдаланып өздерінің жасырын әрекеттерін күшейткен. Топ өзіне жақтастарды Ирак, Сүрия және Ауғанстан жерінде қайта топтастыруда. Аталмыш террорлық топ бұған дейін халықаралық коалиция және жекелеген үкіметтік күштердің соққысынан тас-талқан болған еді.
Ирак ресмилері Киркуктағы шабулда өлім-жітім болғаны туралы мәліметті таратпады.
2014 жылы өздерін "Ислам мемлекеті" атаған террорлық топ Ирактың екінші ірі қаласы Мосулда "Халифат" жариялап, елдің солтүстік өңірлерін, Сүрияның оңтүстік және оңтүстік шығыс аймақтарын бақылауына алған болатын. 2017 жылы желтоқсанда Ирак үкіметі елдегі ДАИШ террорлық тобына қарсы күрестің жеңіспен аяқталғанын мәлімдеген.
Террорлық топтың жеңілісіне төрт жыл өтсе де Киркук пен Ирак-Сүрия шекара маңында ДАИШ содырлары әлі де шабуылдарын тоқтатпай келеді.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес