Еуроодақ пен АҚШ әлемде коронавирусқа қарсы вакцина жеткізуді бірлесе жүзеге асырмақ. Бұл туралы Брюссельде Еурокомисссия басшысы Урсула Фон дер Ляйен АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен кездесуде мәлімдеді.
Бұған дейін Еурокомиссия вирусқа қарсы вакцина экспортын бақылауды қатаңдату туралы шешім қабылдаған. Шектеу Еуропаға екпе жеткізуді қиындатып, кедергі келтіріп жатқан елдерге қолданылмақ.
Урсула Фон Дер Ляйен мәлімдемесінде: «Біз үшін басты міндет –пандемияға тосқауыл болып, оның салдарымен күресу. Әлемдегі барлық мемлекет қауіпсіз болмаса, бір де бір аймақтағы жағдай оңалмайды. Сондықтан біз дүниежүзінде вакцинаны жеткізу жүйесін нығайтуды талқыламақпыз. Жаңа штамдарға қарсы күреске, зерттеулерге қаржыны аямау керек», – деді.
Қазір Еуропадағы бірқатар саяси күш және кей мемлекет Еурокомиссияның вакциналау жөніндегі саясатын сынап отыр. Қазіргі саясат аясында, вакцина сатып алу мен үлестіру орталық саналатын Брюссель арқылы жүріп отыр. Ал мемлекеттердің Еурокомиссияны айналып өтіп өздігінен сатып алу мүмкіндігі шектеліп отыр.
13 наурызда Австрия, Чехия, Словения, Болгария, Хорватия және Латвия елдері Еуроодақтың төтенше саммитін өткізуге шақырды. Олардың сөзінше, қазір Еуроодақ мүшелері арасында вакциналау жөнінде тепе-теңдік жоқ. Аталған елдер саммитте осы мәселе талқылануы тиіс дейді.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді