Әскери төңкерістен кейін Мьянмадағы ахуал ушығып барады. Наразыларды тарату үшін полиция күш қолданып, қақтығыс кезінде 230-дан астам адам қаза тапқан. 2 жарым мыңға жуық азамат қамалды.
Батыс елдері мен БҰҰ Мянмадағы ахуалды сынға алып, биліктің әрекетін айыптады. БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Равина Шамдасани: «Бейбіт шеруге шыққандарға қарсы күш қолдану азаймай тұр. 37 журналист тұтқындалды. 19-ы әлі қамауда жатыр. Соңғы бірнеше күннің ішінде бес адамның қаза тапқаны айтылды. Бұл ресми ақпарат. Шын мәнінде одан да көп болуы мүмкін. Мәйіттердің денесіне қарап оларды ұрып-соғып, азаптап өлтіргенін анық көруге болады. Мьянма билігін бейбіт шеруге шыққандарға қарсы күш қолдануды тоқтауға шақырамыз», – деп мәлімдеді.
1 ақпанда Мьянма әскерилері елде төңкеріс жасап, биліктегі Аунг Сан Су Чжи мен бірнеше саясаткерді үйқамаққа алған. Әскерилер былтыр қарашада өткен парламент сайлауының нәтижесімен келіспеген еді. Былтырғы сайлауда Аунг Сан Су Чжи басқаратын Демократияшылардың ұлттық лигасы партиясы жеңімпаз деп танылған. Әскерилер сайлау әділ өтпеді деп санайды.
Төңкеріс жасағандар елде бір жыл төтенше жағдай жариялап, билік әскер басшысы Мин Аунг Хлайнның қолына өтті. Әскери төңкеріске қарсы шыққандардың арасында мұғалімдер, заңгерлер, банк қызметкерлері және мемлекеттік қызметкерлер, дәрігерлер бар.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді