Мьянмада соңғы бір күнде әр қалада өткен наразылық шаралары кезінде 38 адам қаза тапты . 80-ге жуық адам жарақат алып, жүзге жуық шеруші қамалды. Бұл туралы Саяси тұтқындарға көмек қауымдастығы мәлімдеді.
БҰҰ Мьянмадағы билікті басып алған әскерилердің күш қолдауын айыптап, қырғынды тоқтатуға шақырды. БҰҰ мәлімдемесінде: «Бас хатшы Мьянмадағы репрессияны қатаң айыптайды. Бейбіт демонстранттарға қарсы жауынгерлік қару қолдануға және тұтқындауға жол берілмеуі тиіс. Осы ретте БҰҰ халықаралық қауымдастықты бірігуге және әскери қызметкерлерге Мьянма халқын құрметтеуін және репрессияны тоқтатуын талап етеді», – делінген.
1 ақпанда Мьянма әскерилері елде төңкеріс жасап, биліктегі Аун Сан Су Чжи мен бірнеше саясаткерді үйқамаққа алған. Әскерилер былтыр қарашада өткен парламент сайлауының нәтижесімен келіспеген еді. Былтырғы сайлауда Аунг Сан Су Чжи басқаратын Демократияшылардың ұлттық лигасы партиясы жеңімпаз деп танылған. Әскерилер сайлау әділ өтпеді деп санайды.
Әскерилер 1962 жылдан бері билікте отыр. 2011 жылы халықаралық қысымнан кейін олар демократияға біртіндеп көшуге келіскен. Есесіне парламенттегі орындардың 25%-ын сақтап, күштік құрылымдарды бақылауында ұстап қалған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді