Жақында ғана карантин шектеулері жеңілдей бастаған Германияда британдық штам дерегі артты. Handelshblat неміс басылымының мәліметінше, елде пандемияның үшінші толқыны басталған.
Германия денсаулық сақтау министрлігі халықтың 80%-ы вакцина қабылдағанда ғана коронавирустық шектеулер алынатынын мәлімдеді.
ДенМин Йенс Шпан ресми мәлімдемесінде: «Бүгінгі ақпарат бойынша Еуропалық одақтың кейбір елдері AstraZeneca вакцинасын егуді тоқтатып қойды. Бірақ көп бөлігі осы екпені салып жатыр. Себебі олар сарапшылар мен тиісті органдардың ұсынымдары мен қорытындыларына сенеді. Мен тез тапсырылатын тестілердің қажеттігін баса айтқым келеді. Бұл індетке қарсы күресте өте маңызды құрал. Бетперде тағу мен арақашықтық сақтаудың да маңызы ерекше», – деді.
Екінші тоқсанда неміс халқы 60 миллион доза салдырады. Оның жартысы BioNTech және Pfizer препаратына тиесілі. AstraZeneca вакцинасынан бірқатар ел бас тартып отырса да, Германия бұл екпенің 17 миллион дозасын сатып алмақшы. Билік аталған препаратты жасы 65-тен асқан тұрғындарға егуге рұқсат берген. Бұған дейін неміс елінің 6 миллион азаматы ковидтен қорғайтын алғашқы дозаны алған. Ал екінші дозаны әзірге 2 миллион 700 мыңдай тұрғын салдырды.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел