Мьянмадағы әскерилердің билікті басып алуын бұған дейін Америка Құрама Штаттары айыптаған болатын. Байден бір күн бұрын Ақ үйде жасаған мәлімдемесінде әскери төңкерісті тағы бір мәрте айыптады және Мьянмаға қарата санкциялар қабылдайтынын айтты.
«Мьянма әскерилері қарулы азаматтық билікті қайтаруы керек. Халықтың таңдауы мен бостандығын құрметтеуі тиіс. Демократиялық жолмен сайланған билік өкілдерін еркіндікке шығарып, Мьянма халқының тағдырын өзіне беруі керек», – деді Байден Мин Аунг бастаған әскерилерге қарата.
Ақ үй жетекшісінің сөзінше Қаржы департаментіне Мьянма әскерилеріне қарсы санкция салуды тапсырғанын, бұл санкциялар елде азаматтық билік қайтып оралғанға дейін жалғаспақ. «Біз Мьянма қарулы күштерінің әрекетіне жауап беретін қадам жасадық. Әскери жетекшілер, олардың бизнес серіктері мен отбасы мүшелеріне санкция салу туралы жарлыққа қол қойдым», – деді Байден Ақ үйде жасаған мәлімдемесінде.
Осыдан кейін Ақ үйдің баспасөз өкілі Сара ханымның мәлімдемесінде, Мьянмаға бағытталған санкция ел халқына бағытталатын халықаралық гуманитарлық көмектерге, медицина және азаматтық қолдау әрекеттеріне кедергі келтірмейтінін айтқан.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес