Испанияда коронавирустың үшінші толқыны басталып, жан сақтау бөліміндегі науқастардың 40%-ы осы дертпен күресіп жатыр.
Карантин талаптары қатаңдатылған Испанияның өптеген қаласында індетке қатсы шектеулер күшейтілді. Мәселен, Валенсияда отбасынан өзге адамдармен кездесуге рұқсат жоқ. Ал ел астанасы – Мадридте коменданттық сағат жарияланып, түнде үйден шығуға тыйым салынды.
Жаппай вакцинациялау басталған елдер «COVID-төлқұжат» енгізу мәселесін талқыға алған. Вакцина қабылдады деген құжатты енгізуге Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қарсылық білдіргенмен, Еуроодақ елдері мен Ресей бұл мәселені қарастырып жатыр.
Мәселен, Испания билігі бастаманы қолдайтынын жеткізді. Өйткені ел экономикасы туризмге тәуелді. Былтыр Испанияның саяхат саласы соңғы жарты ғасырдағы ең ауыр жылға тап болды. Пиреней түбегіне келген шетелдік саяхатшылар саны 80%-ға азайған.
Грекия билігі де осындай сертификат енгізу бастамасын қолдап отыр. Себебі эллада елінде де туризмнің экономикадағы үлесі жоғары. Қолдаушылар қатарында Польша мен Дания да бар. Еуроодақтағы Франция мен Румыния билігі керісінше, бұл идеяны құптамайтындарын айтқан.
Аталған құжат вакцинациялау туралы анықтаманы алмастырады. Қолында тиісті құжаты бар адамның шетелге шығуы жеңілдеп, өзге елден оралғанда карантинде отырмайды.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді