Демалыс күндері «Үлкен жиырмалық» (G20) елдерінің онлайн форматтағы саммиті Сауд Арабиясының төрағалығымен өтті. Қатысушы мемлекеттердің басшылары әлемді әбігерге салған пандемия сальдарын талқылады.
Жиында коронавирусқа қарсы вакциналар, дәрі-дәрмек пен тестілерді әлем елдеріне тарату мәселесі қарастырылды. Саммиттежиі қозғалған тақырып – «адамзаттың ортақ игілігі» ұғымын практикалық шындыққа айналдыру. Дегенмен «Үлкен жиырмалық» елдері коронавирус төңірегіндегі ахуал дағдарысты арттыруы мүмкін дейді.
Жиынға АҚШ президенті Дональд Трамп та қатысты. Бірақ ресми БАҚ өкілдерінің хабарлауныша, Трамп жиында тек 2 сағат қана отырып, кейін гольф ойнауға кетіп қалған. Себебі «коронавирус жөнінде мәселеде ортақ мақсат болғанмен, мемлекеттер арасында жеке мүдде үшін келіспеушіліктер тоқтамайды».
Бұған дейін Уашингтон Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан шығатынын жариялаған еді. Ол келесі жылдың шілдесіне жоспарланған. Ақ үй басшысының айтуынша, ұйым коронавирус қаупі жайлы тым кеш хабар берген. Ол Қытайдың ықпалына ұшыраған.
Саммиттте мәлімдеме жасаған Франция президенті Эммануэль Макрон: «Біз тағы бір күреске дайын болуымыз керек. Вирусқа қарсы вакцина нарыққа шығарылған кезде олар бәріне қолжетімді бола ма? Оны тек байлар ғана иемденіп, кедейлер құр қол қалып қоймай ма? Халықаралық үйлестіру жұмыстары ынтымақтастыққа негізделген бе әлде тек қаржылық мүдде мен ұлттық эгоизм алға баса ма?», – дейді.
Ал Сауд Арабиясының королі Салман ибн Абдул-Азиз Әл-Сауд: «Пандемия дағдарыстарды жеңудің ең оңтайлы жолы халықаралық ынтымақтастық екенін көрсетті. Біз ең осал тұстарға назар аударуымыз керек. Әлемнің барлық еліне қолдау көрсетуіміз қажет», – деп мәлімдеді.
Германия канцлері Ангела Меркельдің ойынша, коронавирусқа қарсы вакциналар пандемия зардабы ауыр болған үшінші әлем елдерінің экономикасына ауыр соққы болады. Қазір сынақтың үшінші фазасынан да сәтті өткен вакциналар Еуропа мен Американікі. Ал Қытай мен Ресей өндірген екпелерге күдік жоғары.
Сынақтан сәтті өтіп, коронавирусты емдеуде 90%-дан артық дәлдік көрсеткен вакциналар қатарында Pfizer, BioNTech фармацевтикалық компаниясы жасаған екпе және америкалық Мoderna екпесі бар. Тиімділігі жоғары екпе анықталған күн «адамзат пен ғылым үшін ұлы күн» деп бағаланды.
Америкалық Pfizer және оның германиялық серіктесі BioNTech компаниясы бірлесіп әзірлеген вакцинаның тиімділігі клиникалық сынақта 90%-дан артық оң нәтиже көрсеткен. Ғылыми зерттеу жұмысына әлемнің 6 елінен 43 мың 500 ерікті қатысқан. Мамандар препараттың бір де бір жанама әсер бермегенін сеніммен айтып отыр. Зерттеу жұмыстарына АҚШ, Германия, Бразилия, Оңтүстік Африка, Аргентина мен Түркия елдерінен шамамен 43 мыңнан астам адам қатысқан. Еріктілерге препараттың екі дозасы егілген. Шілдеде басталған клиникалық сынақ қорытындысы бойынша екінші рет егілген екпеден кейін 7 күн өтісімен адам ағзасындағы коронавирусқа қарсы қорғаныс 90% болды. Сөйтіп бұл – жаппай сынақтан сәтті өткен алғашқы екпе. Компания Ұлыбританияға 30 млн, АҚШ-қа 100 млн және Жапонияға 120 млн доза жолдау туралы келісімге келген.
Эр-Риядтың сарапшылары ең маңызды индустриалды мемлекеттер, Еуропалық Одақ және өтпелі экономикасы бар елдер экономикалық жағдайды қолдау үшін 11 триллион доллар бөлгенін жариялады. Сарапшылардың есептеуінше, коронавирусқа қарсы вакцина мен дәрі-дәрмектерді жасауға мемлекеттен 19 миллиард доллар қарастырылады. Келесі онлайн-саммитте қатысушылар бұл қаржының жаһандық дағдарыстың салдарын еңсеру үшін қаншалықты жеткілікті болатынын талқыламақ.