Ұлыбританияда коронавирус жұқтырғандар саны 1 миллионнан асып, бір жылда екінші рет қатарынан жалпыұлттық локдаун жарияланды. The Independent мәліметінше, қатаң шектеу шаралары 5 қарашадан бастап енгізіледі.
Ел премьер-министрі Борис Джонсон енгізген жаңа тәртіпке сай бір үйде тұрмайтын адамдардың кездесуіне тыйым салынады; көшеде 6 адамнан артық жиналуға болмайды. Сонымен қатар Британия билігі қоғамдық көліктердің орнына велосипед, электросамокатты пайдалануға және алыс сапарға шықпауға кеңес берді. Азық-түлік дүкендері мен дәріханалардан басқа нысандар уақытша жабылады.
Үкімет карантин соңына дейін еңбекақысыз қалғандарға жалақыларының 80%-ін төлеуді жалғастырмақ. Егер жағдай түзелсе, локдауннан кейін британиялықтар 25 желтоқсанда тойланатын Католиктердің рождествосын отбасыларымен бірге атап өтпек.
Қазір Еуропада коронавирустың екінші толқынына байланысты бірнеше мемлекеттерде шектеу шаралары қатаңдатылды. Өткен аптада Франция жаппай оқшаулау режиміне көшті.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді