Франция президенті Эммануэль Макрон елдің террорлық шабуылдардың қатеріне қайталай тап болғанын мәлімдеді. Мұндай мәлімдемесін ол Ниццаға барған сапарында жасады.
Бұдан бұрын Ниццадағы католиктер шіркеуінде шабуыл болып, бірнеше адам пышақталып, үш адам қаза тапты. Шабуыл шіркеуде сиыну болып жатқан кезде болған.
«Франция өз құндылықтары үшін күресте кері шегінбейді», – деді Макрон сөзінде, – «сөз еркіндігі мен пікір еркіндігі республикамыздың негізін қалаған құндылықтар», – деген. Ол ел армиясына моблизация жариялады және шіркеулердегі күзетті күшейте түскенін білдірді.
Франция президентінің мұсылмандар туралы пікірлері көптеген мұсылман елдерінің шамына тиген. Бірқатар мұсылман елдерінде Макронға қарата наразылық әрекеттері болуда. Нәтижесінде кейбір ұшқары діншілдер жағынан Францияның ірі қалаларында террорлық шабуыл қаупі күшейген.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес