Сейсенбіде Израиль мен Судан бейбіт келісімге қол жеткізуге жақын екенін мәлімдеді. Өткен аптада Израиль Біріккен Араб Әмірліктерімен тарихи келісімге қол қойған болатын.
Associated Press Судан үкіметі Израильмен бейбіт келісім жасауға дайын деп хабарлады. "Судан мен Израиль арасындағы соғыс жалғастыруға ешқандай себеп қалған жоқ" – делінген Arab Sky News хабарында. Судан Сыртқы істер департаментінің өкілі Садик мәлімдемесінде екі ел арасындағы келісімді растады.
Израиль премер-министрі Беньямин Нетаньяху Twitter-де келісімге келу үшін барлық қадамға дайын екенін білдірген. Ол сондай-ақ, Израиль мен Судан және өңірдегі өзге елдердің бейбіт келісімге келуі аймақ халқы мен мемлекеттерінің бейбіт болашағының кепілі екенін атап өткен.
Ақпанда Израиль премьері Суданның егемендігі жөніндегі кеңестің басшысы Абдель Фаттах әл-Бурханмен екі сағаттық кездесу өткізді, кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы қатынастарды қалыпқа келтіру жөнінде келіссөздерге жол ашқан.
Израиль Мысыр мен Иорданиядан кейін өткен аптада ғана араб елдері арасында үшінші ел ретінде Біріккен Араб Әмірлігімен бейбітшілік келісімін жасасты. Бұл Израильдің соңғы 26 жылда алғаш рет араб мемлекетімен бейбітшілік келісіміне келуі.
Жексенбіде Израильдің барлау қызметінің жетекшісі БАӘ-нен кейін Бахрейн, Оман және Суданға елдері де Израильмен ресми серіктес бола алатынын айтқан еді.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр