Беларусь Ішкі істер министрлігінің өкілдері полиция қызметкерлерін, сарбаздарды «Мінсіз қызметі үшін» медалімен марапаттады. Елдегі наразылықтарды басу үшін күш қолданған сарбаздардың билік тарапынан марапатталуы қатаң сынға ілікті.
Кейіннен ІІМ баспасөз хатшысы Ольга Чемоданова бұл жөнінде ресми мәлімдеме жасап, министрліктің марапаты жөнінде түсініктеме берді. Чемоданованың айтуынша, қызметкерлерді марапаттау үшін материалдар белгіленген тәртіппен Министрлер кеңесіне наурызда жіберілген. Яғни ведомстовада айтылғандай, «Мінсіз қызметі үшін» медалімен тиісінше 10, 15 және 20 жыл мінсіз қызмет атқарған ішкі істер органдарының басшылары және қатардағы сарбаздар, әскери қызметшілер марапатталады.
Беларусь ІІМ хабарламасында: «Кейбір Telegram-арналар мен интернет-сайттар ішкі істер органдарының қызметкерлерін I, II және III дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен (№305 жарлық) марапаттау туралы ақпаратты бұрмалауға тырысты. Бұл шешім наурызда шығарылған. Олардың әрқайсысына марапаттау парағы рәсімделіп, мемлекет пен халық алдында құқық қорғау саласына сіңірген еңбегі, елдегі құқықтық тәртіпті нығайтуға, сондай-ақ ішкі істер органдарының барлық қызмет кезеңіндегі дамуына қосқан жеке үлесі бағаланды», – делінген.
9 тамызда Беларусьте президенттік сайлау өтіп, нәтижесінде Орталық сайлау комиссиясы ширек ғасыр билік еткен Александр Лукашенконың жеңісін жариялады. Оппозиция президент сайлауының ресми қорытындысын мойындаудан бас тартып, елде саяси дағдарыс ушыға түсті. Азаматтық белсенділер сайлау қорытындысы бұрмаланды деп санайды. Лукашенконың отставкасын талап еткен наразылық шаралары елдің түрлі қалаларында жалғасып жатыр.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді