Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған телефон арқылы сөйлесті.
Ресми Ақорда таратқан хабарламада: «Әңгімелесу барысында президенттер екі елдегі қазіргі эпидемиологиялық ахуалды талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев Анкараның COVID-19 пандемиясына қарсы тиімді іс-қимылдарын жоғары бағалап, Режеп Тайип Ердоғанға гуманитарлық көмек көрсеткені үшін ризашылығын білдірді», – делінген.
Қос тарап әлем ахуалы мен елдегі жағдайды талқылап, коронавирустың салдарын жою және дағдарыстан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарында бірлесе әрекет етуге уағдаласқан.
Екі ел басшысы Қазақстан мен Түркия арасындағы стратегиялық қатынастардың қазіргі жағдайы мен даму кезеңдерін сөз етті. Сонымен қатар екіжақты сауда-саттық, инвестициялық жобалар, денсаулық сақтау және ауыл шаруашылығы салалары бойынша бастамаларды жүзеге асырудың маңызына тоқталды. Сөз соңында Тоқаев Түркия басшысын Қазақстанға ресми іссапармен келуге шақырды.


















Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды