АҚШ президенті Дональд Трамп нәсілшілдікке қарсы шерулерден кейін қылмыс көбейген қалаларға қосымша федералдық күштер қою туралы шешім шығарды.
Миннеаполистегі оқиғадан соң кей шаһарларда қару қолдану мен зорлық-зомбылық көбейген. Трамп басылымдарға берген сұхбатында: «Мен бүгін қылмыс көбейген қалаларға қосымша федералдық құқық қорғау күштерін жұмылдыру туралы шешім қабылдадым. Біз қоғамдық қауіпсіздікті қалпына келтіріп, қылмыстық топтардың әрекеттеріне тосқауыл қоюымыз керек. Елде зорлық-зомбылық көбеюіне байланысты осындай шара қабылдаудан басқа амал қалған жоқ», – деп мәлімдеді.
Федералдық күш бірінші кезекте Чикагоға жіберіледі. Себебі қалада соңғы апталарда қарулы қақтығыстардан көз жұмғандардың саны артқан. Өткен сейсенбіде бір афроамерикалықты жерлеу барысында атыс болып, 14 адам жарақат алған. Ал Орегон штатының астанасы Портленд қаласында нәсілшілдікке қарсы шерулер әлі басылар емес. Наразылық акциялары барысында дүкендерді қирату мен тонаулар тоқтаған жоқ.
25 мамырда Миннеаполис қаласында 46 жастағы Джордж Флойд полицей өкілдерінің көз алдында жан тапсырған. Дүкен кассирі марқұм жалған банкнотпен есеп айырыспақ болды деген уәжбен полиция шақырады. Артынша оқиға орнына келген тәртіп сақшылары күдіктінің қолына кісен салғаннан кейін офицерлердің бірі оның желкесін аяғымен 7 минуттай басып тұрған. Дауысы қарлыққан афроамерикалық өзінің дем ала алмай жатқанын айтады, бірақ оған полицейлер құлақ аспаған. Осыдан кейін «Мен тұншығып қалдым!» тіркесі шерудің басты ұранына айналған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді